Қадыров ұлдары ұстап әкелген тұтқындарды тамақтандырғанын мақтанышпен жеткізді

2742
Adyrna.kz Telegram

Шешенстанның Грозный қаласына жеткізілген украин тұтқындарына шешен халқының ұлттық тағамдарды тарту етілді. Бұл жайлы Шешенстан басшысы Рамазан Қадыров жариялады, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы "СМИ2" порталына сілтеме жасап. 

"Біз тұтқындарды шешендердің ұлттық тағамдарымен ауқаттандырдық. Біздің жижиг-галнашты жей отырып олар дұрыс қоғамда қалай өмір сүретіндіктерін көрсін", - деді Рамазан Қадыров.

Қадыровтың айтуынша, тұтқынға түскен украин сарбаздары командирсіз беталды соғысқа қатысқандардың қатарынан болыпты. Қадыров оларды "басшылық тарапынан көп жәбір көрген, қан-жоса және аш-жалаңаш келді" деп жеткізді.

Ресей бұқаралық ақпарат құралдарының жазуынша, бұдан бұрын Қадыровтың қос ұлы Ахмат пен Әли Қадыровтар украина әскерімен ұрыста ерекше көзге түсіп, екі украин әскерін тұтқындаған.  Оларды Грозный қаласына әкеліп, салтанатты түрде әкесіне сыйға тартқан.

 

Пікірлер