Қызылорда облысында аттракционның кабинасы салбырап, сынып кетті

3290
Adyrna.kz Telegram
Фото: видеодан алынды
Фото: видеодан алынды

Қызылорда облысындағы Жаңақорған ауылында аттракцион кабинасы салбырап, сынып кетті.Оқиға орнында түсірілген видеоны журналист Гүлмира Әбіқай Facebook парақшасында жариялады, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы.

Қуанышқа орай, оқиға кезінде аттракционда адам болмаған.

Жазба авторы бұл атракцион ауылда жуырда орнатылғанын атап өтеді. Оқиғаға дейін жергілікті тұрғындар оған отырып үлгерген екен.

“Оқиғаға дейін қызым атракционға отырған.  Билік неге халықтың қауіпсіздігін ойламайды?", – деп ашуланды жергілікті тұрғындардың бірі.

Қызылорда облысы әкімдігінде жағдайға қатысты пікір білдірді.

"Видео 15-17 қазан аралығында аттракционды техникалық тексеру кезінде түсірілген. Видеодан көріп отырғандарыңыздай, аттракционда адамдар болмаған, зардап шеккендер жоқ. ТЖД бұл туралы шұғыл хабарлама алған жоқ, ол жерде ешқандай проблема болған жоқ. Қазір атракцион күн суытқан соң жабылды", – деді ведомствоның баспасөз қызметі.

Белгілі болғандай демалыс саябағы жеке қаражатқа, меценат Марлен Ысқақовтың тікелей демеушілігімен салынған.

Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Кардиолог шокировал мировую медицину: сосуды чистит простой...
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Танец выпускников взорвал интернет: Смотреть до конца!
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Школьники потрясли всю сеть этим танцем — смотреть без детей!
Пікірлер