Естай Беркімбайұлының шығармашылығына арналған ән кешіне шақырамыз!

2512
Adyrna.kz Telegram
Алмас Қасентегі суреті.

«Адырна» ұлттық-этнографиялық бірлестігі мен Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының Халық әні кафедрасымен бірлесіп 2018 жылғы 5-желтоқсан күні сағат 17.00-де Қазақстан Жазушылар одағының концерт залында Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Ұлы даланың жеті қыры» мақаласына орай Алматы қаласы Дін істері жөніндегі басқармасының қолдауымен әнші, ақын-сазгер Естай Беркімбайұлының 150 жылдығына арналған «Майда қоңыр» атты дәстүрлі ән кешін өткізеді.
Концертке Жоламан Құжиман, Ерлан Төлеутай, Тілеулес Құрманғали, Еркін Шүкіман, Нұржан Жанпейіс, Амангелді Күзеубай, Талғат Әбуғазы, Қанат Әмірxан, Саят Нұрғазы, Жасұлан Сақай, "Арнау" фольклорлық ансамблі және тағы басқалар қатысады. Естайдың ел-жұртқа танымал және беймәлім әндерін домбырамен орындап, көрермендерді әндердің тарихымен таныстырады.
Бұқаралық ақпарат құралдары өкілдерін дәстүрлі ән кешіне қатысуға шақырамыз!
Қосымша ақпарат үшін байланыс телефондары:
8 747 271 08 95 Бейбіт

#концерт #алматы #концертАлматы #мероприятие #Адырна#Адырнабірлестігі

Пікірлер