Екібастұзда жылу желілеріне қосылмаған 11 тұрғын үй қалды

2366
Adyrna.kz Telegram
Екібастұз қаласында жылусыз отырған әлі 11 тұрғын үй бар. Бүгін қас қарайғанша барлық шаңыраққа жылу желілері жалғанып, апаттық жай-күй реттеледі, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы. 

Төтенше жағдайды жою жөніндегі жедел штаб Екібастұз қаласында апаттық жағдайды қалпына келтіру жұмыстарын жалғастырып жатыр.  Бұл жайлы "UKIMET" Telegram-арнасы хабарлады.

4 желтоқсан, таңғы сағат 08:00-дегі ахуал бойынша айтар болсақ,  11 үйдің жылу желілері жөнделіп жатыр.

Жылу жүйесіне қосылуға дайын үйлерде құбырлар мен радиаторлар ауыстырылу үстінде. Сонымен қатар сумен және жылумен жабдықтау жүйелерін жөндеу жұмыстары жүріуде.

Негізінен алғанда, Екібастұз қаласында барлығы 689 көп қабатты үй бар. Оның ішіндегі жылусыз қалған 11 үйге кешкі уақытқа дейін жылу беру жоспарланды.

Жөндеу-қалпына келтіру қызметіне 500-ге жуық адам жұмылдырылды.

"Адырна" ұлттық порталы

Пікірлер