NIS оқушысы Америкалық университетінен шақыру алды

5075
Adyrna.kz Telegram

Талдықорған қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің 12-сынып оқушысы Адэля Балкашева Бостондағы Америка университетінің HULT халықаралық бизнес мектебінен шақырту алды. Оған 10 000 доллар грант берілді.

АҚШ-тың ірі қалаларының бірінде бизнесті оқу мен үшін үлкен мүмкіндік. HULT-қа шақырту келген кезде, мен қатты таңқалдым. Дегенмен, бұл жақсы жаңалық және де бұл бизнес пен технологиядан бастап өнер мен музыкаға дейінгі соңғы идеялар мен ең заманауи трендтерді зерттеу мүмкіндігі болып табылады, - дейді Адэля сұхбатында.

Мектеп қабырғасында Адэля мектептегі Википедия клубының белсендісі. Ол интернет-энциклопедияға қазақ тілінде 400-ден астам мақала жазған. Сондай-ақ Жетісу өңіріндегі ауыл балаларына, «Айналайын» ​​балалар үйінде ағылшын тілінен сабақ береді.

Мақсатым – қаржы саласында білім алу. Назарбаев Зияткерлік мектебінің білімінің арқасында мен әлемнің түкпір-түкпірінен келген студенттермен бәсекеге түсе аламын. Маған барлық есіктер ашық. Өйткені, әрбір оқушы, NIS түлегі – өз өмірінің, елінің көшбасшысы, – Адэля болашаққа деген жоспарларымен бөлісті.

Халт халықаралық бизнес мектебі – Бостонда, Сан-Францискода, Лондонда, Дубайда және Шанхайда кампустары бар бизнес мектебі. Мектеп Жаңа Англия жоғары оқу орындары қауымдастығымен MBA қауымдастығымен аккредиттелген. Hult дипломдарын сондай-ақ жоғары білім берудегі шетелдік дипломдарды аккредиттеу бойынша Британдық кеңес мойындайды.

Пікірлер