Қазақ тілінің қолданысын келекелеп видео түсірген вайнер сынның астында қалды

2466
Adyrna.kz Telegram

Әзіл арқылы атын шығарып, әлеуметтік желіде белсенділік көрсетіп жүрген блогер, вайнер Хаким Мукарам Қазақ елінде қазақ тілінің қолданылуын талап кеткендерді келеке етіп, көпшіліктің ызаландырды. Блогер өз парақшасында тұрмыстық зорлық-зомбылық мәселені мен тіл мәселесін қатар көтеріп, алайда орынсыз, жөнсіз әзілге барады. Бұған көпшілік қауым наразылық тудырды. Бұл турасында "Адырна" ұлттық порталы хабарлады.  

Блогер кеше парақшасына әзіл жүктеді. Әзілде жанжалдасып қалған жұптың арасына түскен азамат олардың қазақша сөйлеуін талап еткен болады. Автордың бұл қораш әзілімен нені жеткізгісі келгені түсініксіз.

"Tengeinews" бұл жайлы: "Видеодағы сюжет бойынша, ер адам сүйіктісімен сөзге келісе алмай қалады. Ер адам сүйіктісін ұрып жібереді. Олар орыс тілінде ұрсысып жатады. Мұны көріп тұрған Хаким сүйіктісіне қол көтерген ер адамға “қазақша сөйлесеңдерші” деп ұрсып жібереді", - деп жазды.

Блогердің оқырмандары екі мәселені бір видеода әзіл арқылы жеткізгенін сынап жатқандар көп.

“Жай ғана әзіл ғой деп өтіп кетіп қайтып келдім. Тіл туралы мәселенің бар екені рас, оны көтеріп жүргеннің бәрі ақымақ емес. “Сәлем, қалайсың?” десе риза болатын мүшкіл дәрежедеміз, тіл үйренгісі келетін кез келген жанға құшақ ашып елпілдейтін ұлтпыз! Пікірлерді оқысам тіл үйренуге құлқы жоқ, мүлде қарсы жандардың алдына жығып бергендейсің, өз пікірім!”;

“Басқа проблема бар деп қазақша сөйлемей жүре беруіміз керек пе? Барлық проблема маңызды… бәрін де шешу керек. Тіл ел болу үшін, ұлт болып қалу үшін маңызды”;

“Қате, үлкен қате, тілдің маңыздылығы дәл қазір жоғары, және екі маңызды мәселені араластырып оны орынсыз күлкіге айналдыру дұрыс емес”;

“Шала қазақтарға тіл үйренбеуге +1 мотивация. Хакимнен көңілім қалды”;

“Қазақ тілділердің құқығын бұлай күлкі ету дұрыс емес! Қазақ тілін талап етуді мазақтауыңыз видеодағы қол жұмсаумен бірдей нәрсе!”, - деп жазды вайнердің оқырмандары.

"Адырна" ұлттық порталы

 

Пікірлер