Назарбаев зияткерлік мектептері «Өркен» білім беру грантына байқау жариялайды

2991
Adyrna.kz Telegram

Ақтау қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебі7-сыныпта білім алу үшін «Өркен» білім беру грантын тағайындауға конкурс жариялады.

Құжат қабылдау 2022 жылдың 1-желтоқсанынан 2023 жылдың 10-қаңтарына дейін жалғасады. Кешенді тесттер 2023 жылы 2-3 наурыз күндеріөтеді.

- Үміткер конкурсқа қатысу үшін өтініш беріп, сауалнама толтырады. Қатысушы туу туралыкуәлігінің, ЖСН-і, бар болған жағдайда жеке бас құжатының, заңды өкілдің ЖСН-і көрсетілген жекекуәлігінің , сондай-ақ, үлгерімі мен тәртібі туралытабелінің көшірмелерін тапсырады. Соныменқатар, графикалық файл түріндегі 1 МБ, көлемі 3х4 см фотосуретін жолдайды. Көрсетілген барлыққұжаттар мұқабасы түссіз 10 файлдық пластикалықпапкаға салынады, - дейді Ақтаудағы NISдиректоры Ринат Жұмабаев.

Назарбаев Зияткерлік мектебі директорының оқу ісіжөніндегі орынбасары Ырыскүл Имамбаеваныңайтуынша, үміткерлер толық ақпаратты https://www.nis.edu.kz/ сайтынан ала алады.

- Өтініш белгіленген нақты мерзіміненкешіктірілсе, бекітілген тізім бойынша толықболмаса құжаттар қабылданбайды. Сондай-ақ, қабылдау комиссиясына басқа тұлғаныңсенімхатсыз әкелген құжаттары қабылданбайды, - деді Ырыскүл Имамбаева.

Спикердің айтуынша, Назарбаев Зияткерлікмектебінің 7-сыныбына оқуға түсу ушін, оқушыларды дайындау мақсатында «Байқау тест» өткізіледі. Тестті ақылы түрде желтоқсан айының10, 24 күндері, қаңтар айының 14, 28 күндері, соңғы байқау тестін ақпан айының 11 күні тапсыраалады.

Айта кетейік, биыл Зияткерлік мектепте 7 сыныпта3 қазақ, 1 орыс сыныбы оқиды. Мектепке барлығы104 оқушы қабылданды. Қараша айында қосымшатағы 43 оқушы қабылданды. Барлығы 7 сыныпта147 оқушы білім алып жатыр.

Пікірлер