Kaspi.kz 2022 жылы депозит өсімі бойынша №1 болды

9732
Adyrna.kz Telegram

ҚР Ұлттық Банкінің деректері бойынша 2022 жылғы 1 желтоқсандағы жағдай бойынша халықтың Kaspi.kz-тегі депозитінің жалпы көлемі 3 трлн 395 млрд теңгеден асты.

Бар-жоғы бір жылдың ішінде қазақстандықтар жинақ ақшасын 895,2 млрд теңгеге көбейтті. Бұл Қазақстандағы барлық банктердің жылдық өсімінің ең жоғарғы көрсеткіші.

Kaspi.kz басшысы әрі негізін қалаушылардың бірі Михаил Ломтадзе:

«Сүйікті клиенттерімізге бізбен бірге болғаны үшін мың алғыс! Біз сүйікті клиенттеріміздің сеніміне үлкен жауапкершілікпен қараймыз және күткеніңізден асып, ары қарай технологиялық және инновациялық сервистерімізбен қуанту үшін қолдан келгеннің бәрін жасаймыз», - деді.

Қазақстандағы ең танымал Kaspi Депозитті Kaspi.kz мобильді қосымшасында санаулы ғана секундта ашуға болады. Салымның ең аз сомасы бар-жоғы 1 мың теңгені немесе $10 құрайды. Тиімді сыйақы мөлшерлемесі – теңгемен жылдық 15% және АҚШ долларымен 1%.

"Адырна" ұлттық порталы 

Пікірлер