Болат Назарбаев заңсыз алған жерлер мемлекетке қайтарылды

2569
Adyrna.kz Telegram

Болат Назарбаев заңсыз алған жерлер мемлекетке қайтарылды. Бұл туралы AMANAT партиясы жанындағы vемлекеттік басқаруды дамыту және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жөніндегі республикалық қоғамдық кеңестің төрағасы Ерлан Сайыров айтты, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы.

Партияның сайты қазір Болат Назарбаевтың еншілес компанияларына тиесілі Маңғыстау облысындағы 239 мың гектар, Жамбыл облысындағы 60 мың гектар жердің мемлекет меншігіне қайтарылғанын хабарлады.

Бұған дейін Бас прокуратурамен бірлесіп, аумағы 244 гектар болатын 59 жер учаскесі анықталған еді. Олардың да меншік иесі Болат Назарбаев болып шыққан.

Мәліметтерді растау үшін Tengrinews.kz тілшісі Ерлан Сайыровтың өзіне хабарласып көрген.

“Бізге Алматы облысындағы бір топ адамнан заңсыз әрекеттер туралы арыз түсті. Бас прокуратураға Алматы, Талғар, Астана, Қаскелең және Түркістан облысындағы 244 гектар жер бойынша сауал жолдадық. Қазір Бас прокуратура өкілдері бұл жерлердің көпшілігі заңсыз берілгенін анықтады. Бас прокуратура бұл жерлерді мемлекетке қайтару үшін іс-қимыл жүргізіп жатыр”, - деп түсіндірді ол.

Сонымен қатар,  Ерлан Сайыров ол жерлерді мемлекет меншігіне қайтару туралы дабыл түскеніне 6 ай өткенін айтты.

 

Пікірлер