Жазушы, қоғам қайраткері Кәмел Жүністегі өмірден озды

4325
Adyrna.kz Telegram

Белгілі жазушы, қоғам қайраткері Кәмел Жүністегі өмірден озды. Қаралы қабарды Павлодар облыстық мәслихатының депутаты Жарқынбек Амантайұлы жеткізді, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.

«Отаршыл жүйемен жастайынан арпалысып өткен қазақтың қайсар қаламгері Кәмел Жүністегі ағамыз да келместің кемесіне мініпті.  Ертіс-Баян өңірінде марқұм Арман Қани, Қайрулла Қаженов, Рахметхан Нұрбасаров бастаған ағаларымыз құрған “Жас ұлан” ұйымының 50 жылдығында жүздесіп, танысқан едік. Бірнеше күн келелі әңгіме құрып, қазынасына қыныққан болатынбыз. Одан кейін де жиі хабарласып жүрдік.

“Жарқынбек, поэзия көркем құбылыс қой. Бірақ бұл өңірде жазылуы тиіс дүние көп. Миссия көп. Сондықтан, прозаға түсу керек саған. Проза - кең, ауқымды»,— деп хабарласқан сайын ақыл айтатын.

Ағамыздың болмысы бөлек еді ғой. Қатты сырқат ақыры жеңген екен. Ертіс-Баян өңірінің қаламгер қауымы атынан қайғырып көңіл айтамыз. Бақұл болыңыз жақсы аға, бақұл болыңыз, Алаштың “ ақырып теңдік сұраған” арыстан ұлы!»—деді ол.

«Адырна» ұлттық порталы марқұмның туыстары мен жақындарына көңіл айтады.

Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Природный чистильщик сосудов! Уже утром давление будет 120/80!
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Пышнотелая танцовщица заставила зал замереть! Только посмотрите
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Это спасет потенцию даже в 70 лет! Продается в каждой аптеке...
Пікірлер