Ринат Заитов "Amanat" партиясынан депутаттыққа ұсынылды

3118
Adyrna.kz Telegram

Өздеріңізге мәлім, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына Жолдауында Мәжіліс пен мәслихаттар сайлауының 2023 жылдың бірінші жартыжылдығында өтетінін айтқан болатын. Міне, сол уақыт та келді. Енді мәжіліс депутаттығына кімдер үміткер дегенге келетін болсақ, әрине, алдыңғы қатарда ел аузында жүрген айтыскер ақын, «Құрмет» орденінің, «Мәдениет саласының үздігі» төсбелгісінің иегері – Ринат Заитов.

«Amanat» партиясы Мәжіліс сайлауына партиялық тізім арқылы Ринат Заитовты ұсынып отыр.

Естеріңізде болса, осыдан екі жыл бұрын Ерқанат Көпжасарұлының жүргізуімен өткен 31 арнадағы «Неге» бағдарламасында Ринат Заитов «Нұр отан шақырса, депутат болуға барамын. Елдің сөзін айту үшін», – деген еді. «Қай партия ұсынса да, дайынмын», – дегенін сұхбаттарынан да білеміз. Әр нәрсе адамның өзіне байланысты ғой. Жаңа Қазақстанды құру үшін жүйенің ішіне енгені де дұрыс деп ойлаймын. 2001 жылдан бері үлкен айтыстарда алаулы ойларын айтып келеді. Енді күресті Парламентте жалғастыруға бел буыпты. Дұрыс қадам. Өйткені Парламент – мемлекеттік биліктің бір тармағы.

Күлтөбенің басында қабылданған «Тәуке ханның Жеті жарғысында» афоризм, мақал-мәтел, қанатты сөздердің көрініс тапқанын айта кеткен жөн. Яғни билер ел-жұртының әдет-ғұрпын, шежіресін, тарихын білген дара жандар болған.

Ел азаматтарының сенімі қашанда маңызды. Ринат Заитовтың осы сайлауға қатысатынын естіген халықтың қолдауларын әлеуметтік желілерден-ақ байқауға болады.

Билік пен халық арасын жақындата түсетініне сенімдімін.

Қуаныш Жұмабекұлы
«Еуразия зерттеулері» мамандығы бойынша PhD докторы,
«Қазақстанның 100 жаңа есімі» жобасының жеңімпазы

 

"Адырна" ұлттық порталы 

Пікірлер