Геннадий Головкин әлем чемпионы титулынан айырылды

4977
Adyrna.kz Telegram
Фото: Instagram/gggboxing
Фото: Instagram/gggboxing

Геннадий Головкин бұдан былай IBF нұсқасы бойынша орта салмақтағы әлем чемпионы емес. Бұл туралы бразилиялық журналист Уилсон Балдини Twitter-парақшасында жазды, деп хабарлайды ”Адырна” тілшісі Sports.kz-ке сілтеме жасап.

Балдинидің Twitter-парақшасында жазғанындай, GGG белбеуден өз еркімен бас тартты. Бұл дегеніміз, ендігіде міндетті үміткер және рейтингіде бірінші орында тұрған бразилиялық Эскива Фалькао вакантты титул үшін өзге үміткермен жұдырықтасуы ықтимал дегенді білдіреді. IBF рейтингінде екінші орында - австралиялық Майкл Зерафа, үшінші орында - неміс боксшысы Винченцо Гуальтиери тұр.

Алайда Головкиннің IBF титулынан айырылғаны туралы ресми ақпарат әлі түскен жоқ.

Айта кетейік, Геннадий сонлдай-ақ, WBA Super нұсқасы бойынша титулға және IBO-ның қосалқы титулына ие. Оның WBA желісіндегі міндетті қарсыласы – «қарапайым» әлем чемпионы кубалық Эрисланди Лара.

Пікірлер