Үкіметте кейбір саладағы активтерді мемлекет меншігіне қайтару мәселелері талқыланды

3070
Adyrna.kz Telegram

Үкімет үйінде ҚР Премьер-Министрі Әлихан Смайыловтың төрағалығымен Экономиканы демонополизациялау жөніндегі комиссияның кезекті отырысы өтті, деп хабарлайды  «Адырна» тілшісі ведомствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Қатысушылар көлік, мұнай өңдеу және ақпараттық коммуникация салаларындағы кейбір активтерді мемлекет меншігіне қайтару мәселелерін талқылады.

Комиссия төрағасы Әлихан Смайылов уәкілетті органдарға қаралып отырған активтерге қатысты тексеру іс-шараларын жалғастыруды, сондай-ақ олардың кейбіреулерін жеке меншікке берудің заңдылығы тұрғысынан аудит жүргізуді тапсырды.

Бұдан басқа, Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі мұнай өңдеу кәсіпорындарына логистикалық және сервистік қызметтер көрсететін доминант компаниялардың тарифтерін реттеу жөнінде ұсыныстар енгізуі тиіс.

Комиссия отырысының қорытындысы бойынша Әлихан Смайылов ел заңнамасына сәйкес қажетті рәсімдерді тездетіп аяқтаудың маңыздылығын атап өтті.

Талқылауға орталық мемлекеттік органдардың, Бас прокуратураның, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес қызметінің, Қаржылық мониторинг агенттігінің, «Самұрық-Қазына» әл-ауқат қорының, «ҚазМұнайГаз» және «Қазақстан темір жолы» ұлттық компанияларының басшылары қатысты.

Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Суставы болят не от старости! Найден злейший враг боли в суставах
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
У кого болят колени и суставы - читайте пока не удалили!
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Мы с мужем обрели вторую молодость! Вот как ему вернули потенцию…
Пікірлер