“Басынан ұрып құлатқан”: Оралда ер адам зейнеткер әжейді тонап кетті

3525
Adyrna.kz Telegram
Фото: janalyq.kz
Фото: janalyq.kz

Оралда 47 жастағы ер адам зейнеткер әжейді тонап кетті. Күдікті 77-дегі тұрғынды тонамас бұрын басынан ұрып құлатқан. Бұл туралы БҚО полиция департаментінің баспасөз қызметі мәлімдеді, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы. 

Ведомство мәліметінше, зейнеткер сауда үйіндегі ақша айырбастау пунктіне келіп, ақшасын айырбастамақ болған. Электронды таблоға қарап, валюта бағамына үңілген ол ақшасын кейінірек айырбастаймын деп шешім қабылдаған.

Әжейді байқап қалған бейтаныс ер адам оның артынан ілесіп, аңдып келген. Үйіне дейін жетіп, подъездің алдына келе бергенде басынан ұрып құлатып, қолындағы пакетін тартып алып кеткен.

Пакет ішінде азық-түлік пен айырбастамақшы болған 200 мың теңге көлеміндегі ақша салынған әмиян болған.

Полиция қызметкерлері жүргізген жедел-іздестіру іс-шаралары нәтижесінде күдікті ұсталды. Ол ұрланған ақшаны жаратып үлгеріпті.

Аталған факті бойынша Қылмыстық кодекстің 191-бабы 2-бөлігіне (Тонау) сәйкес сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Ұсталған азамат уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды.

Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Не смейте выбрасывать зажимы от хлебных упаковок: они бесценны
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Вот, что излечит ваши запястья даже в 75 лет! Нужно взять...
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Женатым лучше не смотреть: танец роскошной Татьяны (видео)
Пікірлер