Қазақ еліндегі үш уран кәсіпорнының үлесі Ресейге өтті

3808
Adyrna.kz Telegram

Қазақстанның атын әлемге паш етіп, экономикасын мығым ұстап тұрған үш уран кәсіпорнының ірі үлестері Ресейге өтті. Анығырақ айтқанда,  ресейлік "Ураний Уан Груп" мемлекеттік компаниясына уран кәсіпорынының ірі үлестерін беруге рұқсат берілді, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық компаниясы "ҚазТАГ"-қа сілтеме көрсете отырып. 

Үкіметінің қаулысына сәйкес, Uranium One Netherlands B. V "Қаратау" ЖШС-не қатысу үлесінің 50%-ы берілгені белгілі болды. Uranium One Utrecht B. V - "Хорасан-U "Бірлескен кәсіпорны" ЖШС-на қатысу үлесінің 30%-ын ұстатты, Uranium en Rotterdam B. V. - "Оңтүстік тау-кен химиялық компаниясы" бірлескен кәсіпорнына қатысу үлесінің 70%-ын берді.

Ірі үлестің барлығы Мәскеу қаласында тіркелген "Ураний Уан Груп" АҚ пайдасы үшін иеліктен шығарылып отыр. Бұл компания Ресейдің "Росатом" мемлекеттік корпорациясының құрамына кіреді.

Экономист Ғалымжан Айтқазиннің айтуынша, уран кәсіпорындарының басшылығы шетелдіктерден Ресейдің қолына өткен.

- Мұның астарында Ресейге қарсы салынған санкциялардың қаупінен сескену бар. Соның салдарынан Ресей компаниялары шетелдік юрисдикциялардан кетуге мәжбүр", - деді ол.

Ал Ресей Федерациясының Сыртқы істер министрлігі Атом электр станциясын салу бойынша қазақ тарапымен ынтымақтастыққа дайын екендерін мәлімдеді. Олар қазіргі уақытта жобаның параметрлері, оның қаржылық моделі бойынша келіссөз жүргізілгенін хабарлады.

"Адырна" ұлттық порталы 

 

Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
У кого болят колени и суставы - читайте пока не удалили!
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Ложку перед сном и все! За неделю уйдет 13 кг возрастного жира...
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Позвали Таню, и жены начали уводить мужей. Не стесняется стыдобы
Пікірлер