АҚШ-тың Мемлекеттік хатшысы қазақ тілінде жазба қалдырып, Қазақстанға алғыс айтты

2445
Adyrna.kz Telegram

Кеше АҚШ-тың Мемлекеттік хатшысы Энтони Блинкен Астанаға келіп кетті. Ол ресми сапарынан кейін қазақ тілінде әлеуметтік желідегі парақшасында жазба жариялады, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы.

Ол жазбасында мемлекетіміздің басшысына және сыртқы істер министрлігіне алғысын жеткізген.

“Менің сапарым сәтті, кездесулерім табысты болды. Құрметпен қарсы алып, С5+1 кездесуін ұйымдастырғаны үшін Қазақстан президенті Тоқаев пен Сыртқы істер министрлігіне алғыс айтамын”, – деп жазды АҚШ Мемлекеттік хатшысы.

Еске салайық, Блинкеннің Астанаға сапары аясында ҚР президенті Қасым-Жомарт Тоқаевпен және Сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеубердімен кездесті.

Сондай-ақ, Орталық Азиядағы бес республика өкілдерімен «С5+1» форматындағы министрлер кездесуіне қатысты.

Пікірлер