Әлихантанушы-ғалым Жүсіп Сұлтан Хан Парламент Мәжілісі депутаттығына үміткер құқығын қайтарып алды

2626
Adyrna.kz Telegram

Әлихантанушы-ғалым, халықаралық журналист Жүсіп Сұлтан Хан Аққұлұлы Парламент Мәжілісі депутаттығына үміткер құқығын қайтарып алды, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы.

“Менің ардақты сайлаушыларым! Мен қайтадан үміткермін. Парламент Мәжілісі депутаттығына үміткер құқымды қайтарып алдым!

Сонымен, тура 3 тәуліктен соң, дүйсенбіде (27.02.) күні қате декларацияны жіберген Департаментке барып, оның өтірігін бұлтартпай дәлелдеп берген соң, кешкісін Астана қалалық және № 1 АСК төрағалары, тіпті әлгі Департаменттің өкілі менің конституциялық құқымды қалпына келтіргенін және енді сайлауалды науқанымды жалғастыруға болатынын хабарлады.

Әлихан болмасам да, ұқсап бағып, мені үміткерліктен шығарып әуре-сарсаңға салған билікке, сөйтіп дауыс берушілерімнің қатарын көбейтіп бергеніне шын жүректен алғыс айтамын!

Егер әрбір көзі ашық, көкірегі ояу азамат өз дауысын өз қалаған үміткеріне берсе, Парламент пен Маслихатқа лайықты депутат өтеді. Біздің тағдырымыз – өз қолымызда. Осыны ұмытпайық!”,-деді Жүсіп Сұлтан Хан Аққұлұлы.

Пікірлер