«Ауыл» партиясының мүшесі «Aманатқа» сенеді

2058
Adyrna.kz Telegram

Сенетін жөні бар. Өйткені «Аманат» партиясы қазіргі бағдарламасында ғана көрсетіп қоймай, ауылды дамытуға үнемі күш салып келе жатыр. Шабындықтың қолжетімді болуы, жайылым жердің ауыл халқына қайтарылуы, мал шаруашылығындағы субсидия, шаруаларға несие бергізу, егістік алқабындағы азаматтарға да субсиядия беру, диқандардың күзгі орағын шетелге сатуға көмектесу дейсіз бе, айта берсең көп. Сондықтан ауыл мәселесін «Ауыл» партиясы ғана арқалап жүрген жоқ. Ауылды «Ауыл» меншіктей алмайды. Ұрандары да қызық. «Ауыл төрге шықсын!». Ойпырым-ай, оларды кім босағаға отырғызып қойып еді! Түптеп келгенде ауылдың өзі төр! Ендеше бөлініп не керегі бар?! Енді біреуіміз қаланың мәселесін көтеріп, «Қала» партиясын құрып алмайтын шығармыз!

Демек, ауыл халқының «Аманатқа» үміттенуі және қолдауы заңды құбылыс. Себебі «Аманат» та ауылдан шыққан. Партиядағы азаматтардың дені ауылда әрі қаладағысының тоқсан тоғыз пайызы еліміздің әр түпкірінен келген азаматтар. Сондықтан да ауыл мәселесі «Аманаттың» күн тәртібінен ешқашан түспейтін болады.

Бейнежазбаны көру үшін сілтемені басыңыз.

Айдос Жұқанұлы

Пікірлер