"Есінен танып құлаған": Оралда судья жұмыс орнында қайтыс болды

2816
Adyrna.kz Telegram

Оралда қалалық соттың судьясы жұмыс орнында қайтыс болды. Бұл туралы "Мой город" басылымы хабарлады, деп жазады "Адырна" ұлттық порталы. 

Басылым мәліметінше, Орал қалалық сотының тергеу судьясы Нұрлан Губашев жұмыс орнында қайтыс болды. БҚО полиция департаменті ақпаратты расталды.

"Марқұмның денесінде зорлық-зомбылық белгілері жоқ",- делінген хабарламада.

БҚО денсаулық сақтау басқармасы қоңырау сағат 9:48-де келіп түскенін хабарлады.

"1968 жылы туған ер адамның жұмыс орнында денсаулығы кенеттен нашарлаған. Жедел жәрдем шақырған адамның айтуынша, ол қырылдап, есінен танып құлаған",- делінген хабарламада.

"Адырна" ұлттық порталы 

Пікірлер