"Аяққа тұрып кеткеннен кейін сені тауып аламын" деген жасанды робот жұртты шошытты

3820
Adyrna.kz Telegram

"Адырна" ұлттық порталы жаһандық үрдістерді оқырмандарға жедеғабыл жеткізу жолында ғылым жаңалықтарын қалт жібермеуге тырысады. Адам кейіпті ресейлік робот әлеуметтік желі арқылы оқырмандардың сұрақтарына жауап берді. Ол кезекті оқырманын күтпеген жерден састырып, "аяққа тұрып кеткенде" арнайы жолығатынын айтты, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы "Dailystar"-ға сілтеме көрсете отырып. 

«Адырна» ұлттық порталы жаһандық үрдістерді оқырмандарға жедеғабыл жеткізу жолында ғылым жаңалықтарын қалт жібермеуге тырысады. Адам кейіпті ресейлік робот әлеуметтік желі арқылы оқырмандардың сұрақтарына жауап берді. Ол кезекті оқырманын күтпеген жерден састырып, «аяққа тұрып кеткенде» арнайы жолығатынын айтты, деп хабарлайды «Адырна» ұлттық порталы «Dailystar»-ға сілтеме көрсете отырып.

«Promobot» бірлестігінің Пермь өлкесіндегі белді инженерлері Алекс атты жасанды зердені жасап шығарды. Ол адам кейіпті туынды, тіптен, өз оқырмандарының үйіне «аяққа тұрып кеткесін» арнайы кіріп шығатынын да айтты.

Бүкіл әлем бойынша филиалдары бар компанияның туындысы көрермендерді таң қалдырды, шынайы адамша толғанып, сұраққа жауап бергенінен секем алып, сескенгендер көп.

Видеода адам жүзді робот өзіне қойылған сұрақтарға жылдап жауап қатып, келешекте жүре алатынын да айтты. Тіпті, көңілі күпті көрерменге «сәлем салатынын» айтып, уағда берді.

Алекс өз оқырмандарына жүгінген кезде қолдарын қозғалтып, ернін жыбырлатып, көзін жыпылықтатты. Клип 1600-ден астам лүпіл жинады.

- «Жоқ, мен әлі жүре алмаймын. Бірақ робот инженерлері мен үшін аяқ жасап жатыр. Мен жақын арада сізге баруым мүмкін», - деді темір адам.

Тың салада өзіндік қолтаңба қалдырған жасаушылар:

- «Біз оны жетілдіріп жатырмыз. Алекстің сізбен жүздескенін қалайсыз ба?» - деді тосыннан.

Зәресі ұшқан оқырмандар былай деді:

Алғашқы қолданушы: «Мұны тоқтатыңыз, өтінемін, мен қорқамын» деп жазды.

Тағы біреуі: «Мен Алекстің жүргенін асыға күтемін», - деп түсіндірді.

Үшіншісі: «Олар адамзатты бақылау үшін роботтарға адам санасын жүктегісі келеді», - деді.

«Оны жойыңыз! Сіз тым ұзаққа шаптыңыз! Бармағымызды тістеп қалмайықшы күні ертең», - деп жазды төртінші.

"Адырна" ұлттық порталы 

Пікірлер