Әлемдегі ең қиын 8 тіл

7402
Adyrna.kz Telegram
фото ашық ақпарат көзінен алынды
фото ашық ақпарат көзінен алынды

Адамзаттың зейіні мен зердесі зерттеулерге құштар. Жаратылыс иелері жаңа ашылулар мен әлемнің тылсым таңғажайыптарын талдауға ынталы. Біз үшін дүниенің құпиясын ақтарып, сан қырын сарапқа салу айтарлықтай қызық. Сондықтан, адамның ұшқыр ойы ең, ең деген құбылыстардың топтамасын тарих беттеріне бедерлеуді де ұмыт қалдырмаған. Жер ғаламшарының түкпір-түкпіріндегі елең еткізер айрықша оқиғалар, іс-әрекеттер мен ерекше дүниелер «Гиннесс рекордтар кітабына» тіркеліп отырады. Сонымен бірге, ғалымдар да өз бетінше жекелей зерттеулер ұсынуды үзбеген. Сондай қызықты деректердің бір парасы АҚШ тіл зерттеу департаменті ұсынған  - әлемдегі үйрену ең қиын 8 тілдің рейтингі.

  1. Аталған департамент ғалымдары үйрену ең қиын соғатын тілдің көш басына қытай тілін жайғастырған. Күншығыс елінің ана тілі бұл тізімде бірнеше кретерий бойынша топ басында. Оның алғашқысы, иереоглифтердің көнелігі. Бір сөз – бір иереоглиф. Олардың фонетикалық дыбысталуы да ұқсас. Мәселен, қытай тіліндегі «ши» сөзі 36 мағынаға ие.
  2. Рейтингтің екінші тұғырында - араб тілі. Бұл тілдің өзгешелігі сөйлем оңнан солға қарай өрнектеледі.  Сонымен бірге, әріптердің басым бөлігі сөздегі орнына қарай 4 түрлі құбылады. Тілдегі диалект сөздердің көптігі де тіл үйренушілерге қиындық тудырады.
  3. Зерттеушілер ұсынған үйрену біршама қиын тілдің үштігін шығыс Амазонканың тілі – туюка түйіндейді. Бұл тілдегі ең таңдай қағатын тұс – қарапайым заттық мағынаны білдіретін зат есімнің кластары 50-ден – 140-қа дейін шарықтап тұр.
  4. Басқа тілдерге қарағанда меңгеруге көбірек күш жұмсайтын тілдің төрттігі венгр тіліне тиесілі. Венгір әліпбиіндегі дауысты дыбыстар мен жұрнақтардың көптігі сөздерді есте сақтауды қиындатады.
  5. Топ бестікті жапон халқының тілі аяқтайды. Бұл тілде сөздердің жазылуы мен айтылуында айтарлықтай айырмашылық бар. Сондай-ақ, жапон жазу үрдісінде 3 нұсқа қалыптасқан.
  6. Навахо – бұл таңғажайып тіл екінші дүниежүзілік соғыс кезеңінде радио арқылы хабарлама таратудың коды ретінде қолданылған. Жапондықтар қанша тер төксе де тілдік кодты анықтай алмаған. Навахо тек қиын болғандығымен ғана емес, тілді үйренуге арналған материалдардың тым аз болуымен де күрделі.
  7. Эстон тілінде септіктің 12 түрі бар. Бұл басқа славян тектес халықтарға қарағанда екі есе көп. Сондай-ақ, ережелеріндегі ерекше жағдайлар мен бір сөздің бірнеше мағына беруі де тілді үйрену процесін қиындатады.
  8. Баск тілі – еуропадағы ең ежелгі тіл. Баскілерді кез келген үндіеуропалық тілмен байланыстыру мүмкін емес.

Айта кетерлігі, адамның алғырлығы мен ақылы ден қойса бірнеше қиын тілді қатар, еркін меңгергенін көз көріп, құлақ естіп жүр.

Аружан Сейілғазы

Пікірлер