“Санитарлық нормаларға сай емес”: Екібастұздағы ЖЭО-ға тағы айыппұл салынды

2590
Adyrna.kz Telegram

Екібастұздағы ЖЭО-ға тағы да айыппұл салынды. Бұл туралы Павлодар облысының санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті мәлімдеді, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы.

Бұл жолы бұзушылықтар санитарлық дәрігерлер станцияның өндірістік үй-жайларын жоспардан тыс тексеру кезінде анықталды. Станция шаңға толы, салқын және жарықтандырылмаған болып шықты.

Павлодар облысының санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің хабарлауынша, бірнеше цехқа жоспардан тыс тексеру облыстық прокуратураның тапсырмасы бойынша жүргізілді.

"Санитарлық нормалардың бұзылуы, оның ішінде жүргізілген зертханалық-аспаптық өлшеулер бойынша сәйкессіздіктер анықталды. КТЦ жұмыс аймағының ауасындағы шаңның артуы, үй - жайлардың температурасы мен жарықтандыруының, ЭМӨ кернеулігінің, қолданыстағы гигиеналық нормативтерге сәйкес ауызсу режимінің сәйкес келмеуі байқалды", –  деп хабарлады ведомстводан.

Санитарлық дәрігерлердің айтуынша, жұмысшылардың арнайы киімдерін жууға арналған кір жуатын орын да дұрыс емес жұмыс істеген.

"Актіде 10 градустан төмен немесе 26 градустан жоғары ауа температурасында ыстық шаймен немесе салқындатылған ауыз сумен қамтамасыз ететін арнайы ыдыстардың жоқ", – деп нақтылады өңірлік санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті.

Тексеру қорытындысы бойынша "Екібастұзжылуэнерго" ЖШС әкімшілік жазаға тартылды.

"Екібастұзжылуэнерго" ЖШС ҚР ӘҚБтК-нің 425-бабының 1-бөлігі бойынша "халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы ҚР заңнамасының талаптарын, сондай-ақ адам денсаулығына зиян келтіруге әкеп соқпаған гигиеналық нормативтерді, техникалық регламенттерді бұзу" бойынша жалпы сомасы 1600 АЕК (5 520 000 теңге) әкімшілік жауапкершілікке тартылды", – Павлодар облысының санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаментінен хабарлады.

Пікірлер