Алматыда Қазақстан Халық партиясы төрағасының қатысуымен сайлауалды бейбіт үгіт-насихат іс-шарасы өтті

1751
Adyrna.kz Telegram

10 наурызда Алматыда Парламент Мәжілісі депутаттығына кандидат, Қазақстан Халық партиясының төрағасы Ермұхамет Ертісбаевтың қатысуымен сайлауалды бейбіт үгіт-насихат іс-шарасы өтті, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы.

“Алматы – Тәуелсіздігіміздің талбесігі. Шаһар іскерлік пен мәдени өмірдің орталығы ретінде еліміздің дамуына ерекше үлес қосып келеді. Алматыда халықтың белсенділігі жоғары болғандықтан біздің сайлауалды бағдарламамыздағы өзгерістер мен реформалардың негізгі тірегі де осы шаһардың тұрғындары”, – деді партия төрағасы.

Ол сондай-ақ қала халқының нақты табысының өсуі туралы ҚХП бағдарламасының негізгі бөлігінде баса назар аударылып отырғанын жеткізді. Шағын және орта бизнес саласы тұрғындарды жұмыспен қамтудың 65 пайыздан астамын қамтып отыр. Осы ретте төраға жұмысшылардың еңбегі бағаланып, әділ жалақы алуы маңызды екеніне назар аударды.

Сонымен қатар Е.Ертісбаев алматылықтарды қатты алаңдатып отырған экология мәселесіне кеңінен тоқталды.

 

Пікірлер