ҚХП: жәрдемақы әр балаға лайықты төленуі керек

9105
Adyrna.kz Telegram

11 наурызда Парламент Мәжілісі депутаттығына мажоритарлық жүйе бойынша кандидат Каленова Аксана мен мәслихат депутаттығына үміткер Анжела Горностаева Өскемендегі «Жан Ана» қоғамдық қорының мүшелерімен кездесті.

Онда спикерлер көпбалалы аналарға Халық партиясының сайлауалды бағдарламасын таныстырды.

Қазір еліміздегі барлық аймақтың халқын толғандырған әлеуметтік салада мәселелер көп. Атап айтар болсақ, тұрғындар тұрғын үйге қол жеткізе алмай келеді. Медицина мен зейнетақы саласы да сын көтермейді.

– Халық партиясы 1-3 бала тәрбиелеп отырған аналар үшін – қолжетімді баспана, ал көпбалалы аналарға – тегін баспанамен қамтуды талап етеді, – деді Аксана Каленова.

Халық партиясы балаларға лайықты жәрдемақы берілу керек деген пікірде. Осы орайда партия 1 балаға ең төменгі жалақы яғни, 70 мың теңге мөлшерінде жәрдемақы тағайындауды талап етеді. Мысалы, 4 балаға берілетін жәрдемақы 280 мың теңгені құрайды.

Осы ретте сөз алған партия өкілі Анжела Горностаева әлеуметтік рефоромаларды жүзеге асыру үшін ең алдымен саяси өзгерістер керек екенін тілге тиек етті.

– Біздің партия ең бірінші кезекте қарапайым халықтың тілегін түсінетін Халықтық үкімет құру қажет деп есептейді. Біздің мақсатымыз – халықтың билігі мен байлығы қазақстандықтарға тиесілі әділетті қоғам құру, – деді ол.

Кездесу барысында көпбалалы аналар өздерін толғандырған өзге де сауалдарды жолдап, тұшымды жауаптар алды.

"Адырна" ұлттық порталы 

Пікірлер