«Байтақ» партиясының өзгерістер алып келуге қайраты да, қауқары да жетеді

2359
Adyrna.kz Telegram

Табиғатқа адамзат атаулыдан артық залал келтіретін тіршілік иесі жоқ. Бүгінгі таңда табиғатты қорғауға деген құлшынысымыз қағаз бетінде қалып келеді. Қай салаға қарамаңыз ахуал осы. Тарқатып көрелік. Әлемде тұрмыстық қалдықтардың көлемі 2 млрд тоннаны құрайды екен. Болжам бойынша 2050 жылға қарай бұл сандар 70 пайызға артып, 3,4 млрд тоннаға дейін жететін көрінеді. 4,5 млн тоннасы Қазақстанға тиесілі. Бірақ оның аз бөлігі ғана өңделеді.

Мәселен, Еуропа елдерінде тұрмыстық қалдықтарды қайта өңдейтін 500 мыңнан астам кәсіпорын жұмыс істеп тұр. Тіпті, кәсіпорындарға қоқыс жетпей қалатын кездерде болғанға ұқсайды. Ал біздің елде кәсіпорын орын тұрмақ қоқыс төгетін полигондардың жағдайы мәз емес. Маңынан өткен адамның мазасы қашады. Жалпы елімізде 22 миллиард тоннаға жуық қоқыс пен 3 мыңнан астам қоқыс полигоны бар. Оның 601-і ғана экологиялық және санитарлық талаптарға сәйкес келеді. Ал 8 884 рұқсат етілмеген қоқыс орны анықталған. Сандар сескендіреді. Қайта өңдеудегі үлесіміз небәрі 15 пайыз. Енді ойлай беріңіз. Қоқыс қазақ даласын жұтып барады. Қажетін қалтаға салып, қалғанын қоқысқа айналдыруды әдетке айналдырып алғанбыз. Бұлай жалғаса берсе, салдары ауыр болары анық. Ғалымдардың пайымдауынша, адамның ұзақ өмір сүруі 50 пайыз – өмір сүру салтына, 20 пайыз – қоршаған орта жағдайларына, 12  пайыз – денсаулық сақтау саласының әлеуетіне байланысты екен.

Елімізде жыл сайын қатерлі ісікке шалдыққан 36 мыңға жуық адам тіркеледі. Жүрек-қан тамырлары ауруларынан зардап шегетін 2 миллионнан астам отандасымыз бар. Денсаулық сақтау саламыздың оңып тұрмағанын ескерсек, жағдай мүлде қорқынышты. Қоршаған ортаның ахуалы көзге көрініп-ақ тұр. Қаулап бара жатқан қауіпті дерттер адамзаттың өз қолымен жасалып жатқаны өкінішті. Кімге сенеміз? Осындайда ел мен экологияның жайын қатар ойлайтын партия керектігі көрінеді. Жер көлемі бойынша алғашқы ондыққа кіреміз деп мақтанамыз, бірақ жердің қадірін біліп жатқанымыз шамалы. Сол ондықтағы Канада елінде экологиялық бағыттағы 8 партия бар. Жер көлемі бізден әлдеқайда кіші Сербияның өзінде бақандай 5 партия. Бауырлас Түрік елінде 2 партияның саясаттағы салмағы бар. Тіпті, көрші Өзбек елінде экологиялық партияның бітіргені біршама. Ал біздің елде ше?

Осыған дейін Парламентте отырғандардың анда-санда бір төбе көрсетіп қоятыны болмаса, адам денсаулығы мен экология мәселесін қабыстыра сөйлегенін көрген емеспіз. Бұл жолы да экологияға құлықсыз партиялардың Парламентке өткенін қаламаймыз. Ал «Байтақ» бағыты ауқымды тиімді балама. Жасылдар партиясы Парламенттен орын алса, талай кәсіпорындардың тілі қысқарып, осыған дейін келтірген залалдарына жауап беретіні анық. Бұл ешқандай да «хайп» емес. Расында, Парламентке экопартия бармай іс бітпейді.

Себебі экономикамыз экологиямен байланысты. Кәсіпорындардың кесапаты кеңірдегімізге жетті. Бәріне тоқтау салатын кез келді. Бұған «Байтақ»  партиясының қайраты мен қауқары да жетеді. Сондықтан алдағы сайлауда қалыс қалмай, «Байтаққа» дауыс беріңіз!

Дайындаған: «Байтақ» партиясының баспасөз қызметі

Тапсырыс беруші: Азаматхан Әміртай

«Байтақ» партиясының сайлау қоры қаражаты есебінен төленді.

Дәулет Жанбеков 

"Адырна" ұлттық порталы

Пікірлер