Елена Рыбакина АҚШ-тағы «Мастерс» турнирінің жартылай финалына шықты

5103
Adyrna.kz Telegram

Қазақстанның бірінші, әлемнің 10-ракеткасы Елена Рыбакина АҚШ-тың Индиан-Уэллс қаласында өтіп жатқан WTA 1000 турнирінің жартылай финалына шықты, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.

Ширек финалда отандасымыз чехиялық Каролина Муховамен жүздесіп, 7:6 (7:4), 2:6, 6:4 есебімен жеңіске жетті.

Спортшы 18 наурызда болатын жартылай финалда әлемнің 1-ракеткасы, польшалық Ига Швентекпен кездеседі.

Айта кетейік, әлемдік жарыстың жүлде қоры 8,8 млн АҚШ долларын құрайды.

Пікірлер