Оралда 88 жастағы зейнеткер жоғалып кетті

2133
Adyrna.kz Telegram

Орал қаласында 88 жастағы зейнеткер жоғалып кетті, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі «МОЙ Город»  басылымына сілтеме жасап.

Қарияның қызы Венераның айтуынша, Болат Бәйменов үйінен 16 наурыз күні 16.00 шамасында шығып кеткен.

«Әкемнің деменция диагнозы бар. Негізі ол азық-түлік дүкеніне өзі барып келетін. Ешқашан бұлай жоғалып кетпеді. Бүгін әкем қайтып оралмады, полицияға хабарластық. Телефоны қосулы, бірақ қоңырауларға жауап бермейді. Көрген адамдар болса, хабар беруін сұраймыз»,—деді ол.

БҚО Полиция департаменті іздеу шаралары жүріп жатқанын атап өтті.

Пікірлер