Әли Бектаев: «Ауыл» партиясының Мемлекет басшысының ауылға деген шын ниетін, тілегін орындаушы үлкен саяси күш болатын мүмкіндігі бар

1777
Adyrna.kz Telegram

«Ауыл» партиясының сайлауалды қорытынды іс-шарасы қазақы қаймағы бұзылмаған, еңкейген қарты мен еңбектеген баласына дейін диқаншылықпен айналысатын шырайлы Шымкентте, қазақ заңдарының бастауы «Жеті Жарғыға» мөр басылған Мәртөбеде өтті.

«Ауыл» партиясының Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісіне және барлық деңгейдегі жергілікті мәслихаттарға кандидаттарының үгіт-насихат науқанын талқылаған қорытынды отырысы өтті. Жиынға партия төрағасы Әли Бектаев, Мәжіліс пен мәслихаттарға партиялық тізім мен мажоритарлық жүйе бойынша түсетін кандидаттар, партияның өңірлік филиалдарының, өңірлік штабтардың басшылары мен мүшелері, жергілікті халық қатысты.

«Бүгін баршамыз Қазақ мемлекеттігінің тарихында аса маңызды рөл ойнаған қасиетті орын – Мәртөбеде жиналып отырмыз. Бұл төбе – Қазақ хандығы тарихында Дала Парламентінің міндетін атқарып келген қос төбенің бірі. Еліміздің бастысы мен шығысынан, оңтүстігі мен солтүстігінен жиналған балаларымыз маңызды мәселелерді осында талқылаған. Осы жерде Жеті Жарғы қабылданған. Елдің арасындағы ынтымақты, тәртіпті, ауызбірлікті сақтайтын заңдар осында қабылданған. Мемлекеттің нағыз көрінісі Дала Парламенті болған. «Ауыл» партиясы – қазақтың салт-дәстүрлерін берік сақтайтын, ата-бабаларымыздың жолымен келе жатқан партия. Ата-бабаларымыздың рухы риза болып, бізді қолдасын», – деді партия төрағасы Әли Бектаев.

Төраға партия Мемлекет басшысының ауылдық жерлерді дамыту бойынша берген тапсырмаларын орындауға, қолдау білдіруге дайын екенін жеткізді.

«Ауыл» төрге шықсын деуіміздің де мәні зор. Ауыл қаланы, мемлекетті асырап отыр. Енді ауылдың инфрақұрылымын дамытатын кез келді. Президент Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев сайланғанда ең бірінші ауылдық жерлерді дамыту жөнінде Жарлыққа қол қоюы бекер емес. Алдағы 5 жылда ауылға көңіл бөлінеді. «Ауыл» партиясының Мемлекет басшысының ауылға деген шын ниетін, тілегін орындаушы үлкен саяси күш болатын мүмкіндігі бар. Ауылды дамыту тек бір партияның, бір адамның қолынан келмейді, бүкіл ел болып атсалысуымыз керек. Ауылда кәсіпорындар ашу керек, мектеп салу керек, балаларын мықты университеттерде оқытуға көмектесу керек. Ауылдан ақын да, батыр да, абыз да шығады, ол қасиеті мол жер», – деді Әли Бектаев.

Сондай-ақ, партия төрағасы жиынға қатысушыларға бір айдың ішінде сайлауалды үгіт-насихат жұмыстары қалай жүргізілгені туралы мәлімет берді.

«Биыл біз сайлауға 500-ге жуық кандидат ұсындық. 25 кандидатты мәслихаттарға, 25 адамды партия тізімінен Мәжіліске, 7 адамды бірмандатты округтерге ұсындық. Елге қызмет ететін азаматтарды алға шығарып отырмыз. «Ауыл» партиясы бір айдың ішінде 6 мыңнан астам шара өткіздік, оған 800 мыңнан астам адам қатысты. «Ауыл» – еліміздің ең шалғай ауылдарына жеткен жалғыз партия. Қазақстан бойынша 1200 бастауыш партия бар, 300 мыңнан астам мүшеміз бар, 20 облыста филиалдарымыз бар. Яғни «Ауыл» партиясы – қолынан іс келетін, жауапкершілік ала алатын, елдің мәселесін шеше алатын партия», – деді ол қорытынды сөзінде.

Тапсырыс беруші: "Ауыл" ХДПП;

"Ауыл" ХДПП сайлау қоры қаражаты есебінен төленді.

Пікірлер