Жириновскийдің пиджагы аукционға қойылды

2002
Adyrna.kz Telegram

Ресейлік саясаткер, ЛДПР жетекшісі Владимир Жириновскийдің қызыл пиджагы аукционға қойылды. Лот «Лифтфонда» сайтында пайда болды, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.

Саясаткер бұл киімін Мемлекеттік Думаның отырыстарына киген.

353 нөмірі берілген лоттың құны 250 мың рубльді (1,5 миллион теңге) құрайды.

«Сапасы жақсы. Ұсынылған лотты Владимир Владимирович 2014 жылғы мамырда "Политика" телебағдарламасының эфирінде тележүргізуші Александр Гордонға сыйлаған»,— делінген жазбада.

Пікірлер