"Жаңа үйлер бой көтереді" - Әкімдік су тасқынынан зардап шеккендерге арнап мәлімдеме жасады

3354
Adyrna.kz Telegram
Ақтөбе облысының әкімдігі Қобда ауданында су тасқынынан зардап шеккен тұрғындар үшін жаңа үйлер салынатындығын мәлімдеді, деп жазды "Адырна" ұлттық порталы. 
13 наурыздан бері Қобда ауылында 79 үй, 22 аула аумағы еріген қар суының астында қалған.
Ақтөбе облысының әкімі Ералы Тоғжанов Қобда ауданына сапары барысында тиісті тапсырма берді. Алдағы уақытта Қобда ауылындағы үйлері су астында қалған тұрғындар үшін 24 үй салынады.
Залалды бағалау жөніндегі комиссияның алдын-ала мәліметтеріне сәйкес, 3 үй қалпына келтірілмейді, 4 үйдің қабырғалары құлаған, олар апатты деп танылды.
Өңір басшылығы үш отбасыға бюджеттен тыс қаражат есебінен тұрғын үй сатып алуды жоспарлаған. Дегенмен елді-мекенде бос тұрғын үй табылмады. Соған байланысты жаңадан үй салу жөнінде шешім қабылданды.
Қазіргі уақытта елдімекенде су тасқыны деңгейінің төмендеуі байқалады. Жасанды су жинау, құм төсеу және су айдау жұмыстары жалғасып жатыр.  Табиғи құбылыстың зардаптарын бейтараптандыру үшін 38 бірлік мамандандырылған техника, 277 адам жұмылдырылған.
"Адырна" ұлттық порталы 
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Видео: малютка и бабуля обсуждают жизнь — умора
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
У мужчин челюсти отвалились, когда они увидели ее страстный танец
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Морщины исчезают за ночь! Попробуйте этот домашний метод…
Пікірлер