Байден COVID-19-ға қатысты бар шындықты жария етуді бұйырды

2127
Adyrna.kz Telegram

Америка Құрама Штаттарының президенті Қытайдың Ухань қаласындағы зертханаларда жүргізілген зерттеулер мен коронавирус індетінің арасындағы байланыс туралы мәліметтерді жариялауды қолға алжы. Джо Байден COVID-19-дың шығу тегіне қатысты ақпаратты жария ету туралы заңға қол қойды. Бұл жайлы "Аstanatv.kz" жазды деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы. 

Мәлімдемеде Ақ үйдің ұлттық қауіпсіздікке нұқсан келтірместен жария етуге болатын ақпаратты құпиясыз ететіні баса айтылған.

"2021 жылы мен АҚШ-тың Барлау қауымдастығына COVID-19-дың шығу тегін зерттеу үшін қолдағы барлық құралды қолдануға тапсырма бердім және бұл жұмыс жалғасып жатыр. Болашақта осындай пандемияның алдын алу үшін біз COVID-19 шығу тарихын білуіміз керек", - деді Джо Байден мәлімдемесінде.

"Адырна" ұлттық порталы 

Пікірлер