"Соғыс қаламасаң, Ресейдің байрағын қос" - Mary Kay басшысы Украина туын ілген қазаққа шүйлікті (ВИДЕО)

6522
Adyrna.kz Telegram

Мопедіне Қазақстан мен Украинаның туын ілген блогерге Mary Kay Kazakhstan басшысы  "Соғыс қаламасаң, Ресейдің де байрағын қос" деп шүйліккен. Бұл туралы журналист Күлтегін Аспанұлы өзінің фейсбук парақшасында хабарлады, деп жазады "Адырна" ұлттық порталы. 

"Мопедіне Қазақстан мен Украинаның туын қатар желбіретіп жүрген блогер Нұрали Айтеленовке MARY KAY Kazakhstan басшысы Константин Кулинич жолда арнайы тоқтап шүйлігіпті. Сондағы уәжі – «СОҒЫС ҚАЛАМАСАҢ, Ресейдің байрағын да үшінші етіп қос» дейді. Агрессор мемлекеттің рашисзмін бұлдап, қоқан лоқы көрсеткен шовинист Константин Кулиничтің MARY KAY KZ компаниясы 8 жылда Қазақстаннан 833 млрд табыс тапқан. Оған видеодағы деректер дәлел. Керек болса, әр қазақ тағдырлас-тілеулес халқының туын көйлегіне бастырып кисін. Кремль де, мақтабастар оған килікпесін", - деп жазды журналист.

"Адырна" ұлттық порталы

Пікірлер