Риддердегі жылу энергетика орталығында жарылыс болды

1743
Adyrna.kz Telegram

Риддердегі жылу энергетика орталығының № 6 қазандық аймағында жанармай беру галереясында жарылыс болды. Бұл туралы Энергетика министрлігінің баспасөз қызметі айтты, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.

Жарылыс толқыны шамамен 80 шаршы метр қоршау құрылымдарын қиратқан.

«Бұл жерге Атомдық және энергетикалық қадағалау мен бақылау комитетінің басшылығы дереу жолға шықты. Бұйрыққа сәйкес комиссия технологиялық бұзушылыққа тергеп-тексеру жүргізеді. Комиссия құрамына Комитет өкілдері, Риддер ЖЭО және техникалық сарапшы кірді. Тергеп-тексеру нәтижелері 10 жұмыс күні ішінде дайын болады»,—дейді басқарма.

Қазіргі уақытта ЖЭО-да 6 қазандықтың 2-і жұмыс істейді. Қалған 4 қазандықта ақауларды жою бойынша жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатыр.

Пікірлер