Махамбет Әбжан апелляциялық сотта жеңілді

2516
Adyrna.kz Telegram

Астана қаласының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты журналист Махамбет Әбжанға қатысты үкімді өзгеріссіз қалдырды, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.

2023 жылғы 3 ақпанда сот БАҚ-ты пайдалана отырып, ірі залал келтіруге әкеп соққан көрінеу жалған ақпарат тарату фактісі бойынша (ҚК-нің 274-бабының 3-бөлігі) және аса ірі мөлшерде бопсалау фактісі бойынша (ҚК-нің 194-бабы 4-бөлігінің 2) тармағы) Әбжанға қатысты үкім шығарған еді.

«ABZHAN NEWS» телеграмм-каналының иесі 2022 жылдың маусымынан шілдесіне дейін «Астана-өңірлік электржелілік компаниясы» акционерлік қоғамдастығы Басқарма төрағасының орынбасары Г.Қожабаевқа, «Астана Жылу транзиті» басқарма төрағасының орынбасары К.Мукинге және Р.Махатқа (жеке кәсіпкер) қатысты көрінеу жалған мәліметтер жариялаған. Сондай-ақ Р.Махаттан 50 млн. теңге сомасында ақша қаражатын бопсалаған.

Журналиске қылмыстардың жиынтығы бойынша төтенше қауіпсіздіктің қылмыстық-атқару жүйесі мекемесінде жазасын өтей отырып, 9 жылға бас бостандығынан айыру тағайындалды.

Әбжанның іс-әрекетінен қауіпті қылмыстың қайталанғаны анықталды.

«Сотталған адам мен оның қорғаушылары осы үкіммен келіспей, сот актісіне апелляциялық тәртіппен шағымданып, Әбжанды ақтауды сұрады. Сот актісінің күшін жоюға немесе өзгертуге негіз болмағандықтан, үкім өзгеріссіз қалдырылды және заңды күшіне енді»,- деп түсіндірді қалалық сот.

Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Чтобы в постели с мужем проблем не стало, использую старый...
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Надоели боли в суставах? 7 дней и ваши суставы восстановятся
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Морщины исчезают за ночь! Попробуйте этот домашний метод…
Пікірлер