Қызылжардағы сепаратистік пиғылды топқа қатысты қылмыстық іс қозғалды

2818
Adyrna.kz Telegram

Солтүстік Қазақстандағы "сепаратистер" атанған топ өкілдеріне қалмыстық іс қозғалды. Топ «Еңбекші халық кеңесін» құрып, Қазақстаннан тәуелсіздік алғанын жариялады. Бас прокуратураның баспасөз қызметі сотқа дейінгі тергеу ісінің басталғанын хабарлады, деп жазды "Адырна" ұлттық порталы "Zakon.kz" сайтына сілтеме көрсете отырып.

Әлеуметтік топтың жікшілдікке ұмтылысына қатысты түсірілген видео әлеуметтік желілерде белсенді түрде таратылып, қоғамдық талқыға түсті.

"2023 жылғы 30 наурызда Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Солтүстік Қазақстан облысы бойынша департаменті аталған факті бойынша Қылмыстық кодекстің 180-бабы 2-бөлігі (Бұқаралық ақпарат құралдарын пайдалана отырып, адамдар тобында сепаратизмді насихаттау) бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеруді бастады. Әлеуметтік желілерде «Петропавл қаласының Халықтық Еңбек Кеңесі» құрылуы туралы бейнероликті орналастыру туралы", -  деп мәлімдеді Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының баспасөз қызметі

Сонымен қатар ҰҚК мен Облыстық полиция департаментінің тергеушілерінен ведомствоаралық жедел-тергеу тобы құрылғаны айтылды.

"Іс бойынша процессуалдық прокурорлар тағайындалды. Сотқа дейінгі тергеп-тексеру аясында жедел-іздестіру шаралары жүргізілуде, оның ішінде тінту мен алу, тиісті сот-медициналық сараптамалар тағайындалды", - Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының баспасөз қызметі.

Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабына сәйкес өзге де мәліметтер жария ету санатына жатпайды. Баспасөз қызметінің мәлімдеуінше, тергеу барысы Бас прокурордың бақылауына алынып, қатаң түрде қадағаланбақ.

 

"Адырна" ұлттық порталы 

Пікірлер