Талдықорғанда белгісіз ер адамның мас күйінде оқушыны ұрып-cоққаны айтылды

2564
Adyrna.kz Telegram

14 мамыр күні Жетісу облыстық полиция департаменті оқыс оқиғамен "қарсыласты". Талдықорған қаласы полиция басқармасына 46 жастағы әйел шағыммен келіп, ұлын белгісіз ересек адамның ұрып-cоққанын хабарлаған, деп жазады "Адырна" ұлттық порталы. 

Оқыс оқиға жайлы Жетісу облыстық Полиция департаменті баспасөз қызметі мәлімдеді.  Оқушыны соққыға жыққан Балпық би ауылының 23 жастағы тұрғыны болып шықты. Жас жігіттің қатты мас болғаны анықталды.  Мас күйінен айықтыру үшін жергілікті медициналық мекемеге жеткізілді.

«Аталған факті бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 293-бабында (Бұзақылық) көзделген сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды», - делінген баспасөз хатшылығы ұсынған хатта.

Болған жағдайға байланысты Жетісу облыстық полиция департаменті тергеу амалдарына кірісті.

"Адырна"  ұлттық порталы

Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Это спасет потенцию даже в 70 лет! Продается в каждой аптеке...
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Чтобы суставы не хрустели, а боль ушла, перед сном мажьте этим...
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Запор уйдет за пару часов благодаря этому дедовскому методу!
Пікірлер