100 жылдық пен 10 жылдық. Ердоғанды Тоқаев Түркістанға шақырды

3341
Adyrna.kz Telegram
Фото: Ақорда
Фото: Ақорда

Мемлекет басшысы Түркия президенті Режеп Тайып Ердоғанмен телефон арқылы сөйлесті. Бұл туралы Ақорда жариялады, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы.

Қасым-Жомарт Тоқаев Ердоғанды президент сайлауындағы жеңісімен құттықтады. Одан бөлек, Мемлекет басшысы Түркия Республикасының 100 жылдығы қарсаңында өткен президент сайлауындағы Режеп Тайып Ердоғанның айқын жеңісі оның Түркияны дамытуға қосқан зор үлесі мен қоғамдағы биік беделінің нәтижесі екенін атап өтті.

Сондай-ақ, Тоқаев Түркия президентін биыл күзде түркі әлемінің рухани астанасы – Түркістанда өтетін түркі мемлекеттері ұйымының 10-мерейтойлық саммитіне қатысуға шақырды.

Режеп Тайып Ердоған мемлекет басшысына алғыс айтып, бауырлас Қазақстан халқының өсіп-өркендей беруіне тілектестік білдірді.

Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Школьники потрясли всю сеть этим танцем — смотреть без детей!
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Видео с выпускного "убило" всех родителей: кто это заснял?!
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Танец выпускников взорвал интернет: Смотреть до конца!
Пікірлер