"Мемлекет басшысы ретінде болған жағдай үшін кешірім сұраймын" - Президент

2709
Adyrna.kz Telegram

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев қаза болғандардың отбасынан кешірім сұрап, оларға жеке жеңілдіктер беруге уәде берді. Бұл туралы Ақорда мәлімдеді, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы.

"Мен сіздерге көңіл айту үшін арнайы келдім. Екіншіден,  жан-жақты көмек көрсетілетінін айтуға келдім. Қаржылай да, басқа да көмек көрсетіледі.  Балалар балабақшаға, ЖОО-ға орналастырылады – бәрі орындалады. Мен, әрине, сіздермен біргемін. Сіздер – еліміздің азаматысыздар",-деді президент Тоқаев.

"Мен сіздер үшін жауаптымын. Мен Мемлекет басшысы ретінде болған жағдай үшін кешірім сұраймын. Өте ауыр жағдай екенін түсінемін. Асыраушыларыңызды, отағасын, ең жақын туыстарыңызды жоғалттыңыздар. Өкінішке қарай, өмірде мұндай қайғылы жайттар болады.  Мұны ақтайтын ешқандай  себеп жоқ. Тағы да айтамын.  Моральдық және материалдық көмек көрсетіледі", - деді Тоқаев.

Сондай-ақ, ол қаза болғандардың отбасыларына жеке жәрдемақы тағайындалатынын атап өтті.

"Мен сіздерге уәде беремін. Президент жанынан арнайы қор құрылады. Мен зардап шеккендерге жеке көмек көрсетемін, - деді Мемлекет басшысы.

Бұған дейін Тоқаевтың Абай облысында қаза тапқан орман шаруашылығы қызметкерлерінің отбасымен кездескені хабарланған болатын.

Пікірлер