Конор Макгрегор спорттан кетті

2440
Adyrna.kz Telegram

UFC-дің даңқты жауынгері, "ирландиялық әтеш" деген лақап атымен танымал Конор Макгрегор спорттан кетті. Біз енді ирландықтың әйгілі "мақтаншақ жүрісін" көре алмаймыз.

Бұл туралы Конор өзінің Twitter парақшасында жариялады.

«Жылдам хабарландыру: Мен аралас жекпе-жек өнерінен кетуді шештім. Мен барлық әріптестеріме жарыстарда сәттілік тілеймін. Қазір  бұрынғы достарымның қатарына  зейнеткер ретінде қосыламын. Менен сендерге пина колада, балалар!" деп жазды Макгрегор.
Өткен жылдың қазан айында әйгілі ресейлік спортшы Хабиб Нурмагамедов пен Конор Макгрегордың арасындағы жекпе-жек бүкіл әлем назарын өздеріне аударған болатын. Макгрегор уақытынан бұрын естен танып қалып, Хабиб әлем чемпионы атағын қорғап қалған.
Жекпе-жектің аяғы Конор мен Хабибтің командалары арасындағы төбелеспен жалғасып, соңы екі спортшының да жазалануымен аяқталған болатын.

Нарын Қали

Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Галкин и Пугачева станцевали зажигательный танец на Кипре
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Это спасет потенцию даже в 70 лет! Продается в каждой аптеке...
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Вот, что излечит ваши запястья даже в 75 лет! Нужно взять...
Пікірлер