Абай облысында орман өрті шарпыған аудан әкімі ауысты

1856
Adyrna.kz Telegram

Абай облысында орман өрті шарпыған аудан әкімі ауысты, - деп хабарлайды "Адырна" тілшісі облыс әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Абай облысының әкімі Нұрлан Ұранхаевтың өкімімен Айдар Ибраев Бородулиха ауданының әкімі болып тағайындалды. Өңір басшысының аудан өкілдерімен кездесуі бір минут үнсіздікпен басталды. Нұрлан Ұранхаев жаңа әкімді таныстырып, облыстың экономикалық өсімін қамтамасыз ету және әлеуметтік-экономикалық көрсеткіштерді жақсарту үшін барлық мүмкіндіктерді пайдалануды тапсырды.

Айдар Ибраев 1979 жылы 27 мамырда Шығыс Қазақстан облысы, Күршім ауданы, Ақши ауылында дүниеге келген. Шығыс Қазақстан мемлекеттік университетін бітірген. Мемлекеттік органдарда және мәдениет саласында жұмыс тәжірибесі бар.

2004 жылдан бері Шығыс Қазақстан облысы әкімінің аппаратында түрлі қызметтерді атқарған. Ұлан ауданы әкімінің орынбасары, әкім аппаратының басшысы, Жарма ауданы әкімінің орынбасары қызметтерін атқарған. 2022 жылдың қазан айынан бастап Абай аудандық мәдениет, тілдерді дамыту және мұрағат істері басқармасының басшысы болды.

"Адырна" ұлттық порталы

Пікірлер