Бурабайдағы ауқымды арнайы операция. Бір топ "рэкет" ұсталды

2255
Adyrna.kz Telegram

Ақмолалық ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының қызметкерлері Бурабай курорттық аймағында бір топ "рэкеттердің" әрекетін тоқтатты, - деп хабарлайды "Адырна"  тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының қызметкерлері ауқымды арнайы операцияның нәтижесінде Щучье қалалық ІІБ-нің арнайы жасақтарының күшімен  бір топ жас жігіттің бопсалаумен айналысқан қылмыстық әрекетінің жолын кесті.

Тексеріс барысында сотталушылар жергілікті тұрғындарды, негізінен жастарды мобильді банкинг арқылы қолма-қол ақша және тауарлық несие беруге мәжбүрлегені, ал бас тартқан жағдайда физикалық күш көрсетумен қорқытқаны анықталды.

Топтың қылмыстық әрекеті бойынша дәлелдемелерді жинау үшін УБОП қызметкерлерімен арнайы жедел іс-шаралар жүргізіліп, нәтижесінде бопсалау, тонау, алаяқтық фактілері ресми түрде құжатталып, қылмыстық істерге тіркелді.

Арнайы операция барысында полиция қызметкерлері тінту жүргізіп, сотталушылардың ұялы телефондарын тәркіледі. Төрт дерек бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 194-бабының 1-бөлігі мен 2-бөлігі «Бопсалау» бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Сегіз айыпталушы полицияға жеткізілді, оның төртеуі уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Полиция ұсталғандардың заңсыз әрекеттерінен зардап шеккендердің барлығын анықтау мақсатында кешенді жедел-іздестіру шараларын жүргізіп жатыр.

"Адырна" ұлттық порталы

Пікірлер