Абай облысындағы өртке байланысты Ильин, Сүлейменова және Ахметовтен жауап алынады - Бас прокуратура

1870
Adyrna.kz Telegram

Мәжіліс алаңында Бас прокурордың орынбасары Жандос Өмірәлиев Абай облысындағы өртке қатысты тергеліп жатқан қылмыстық істер аясында министрлер мен әкімдерден жауап алынатынын айтты, - деп хабарлайды "Адырна" тілшісі.

Бас прокурор орынбасарының айтуынша, тергеу енді ғана басталғандықтан, шенеуніктердің әрекеті әлі сараланған жоқ.

«Қылмыстық істі тергеп-тексеру шеңберінде өз міндеттеріне, қызметіне адалдық танытпаған, жауапсыз қараған, соның салдарынан өз міндеттерін орындамаған, осындай қайғылы оқиғаларға және біздің азаматтарымыздың өліміне әкеп соққан жайтқа қатысты барлық лауазымды тұлғалардың шеңбері анықталды», - деді Өмірәлиев.

Журналистер Бас прокурордың орынбасарына экс-Төтенше жағдайлар министрі Юрий Ильин, Экология министрі Зульфия Сүлейменова, сондай-ақ Абай облысының әкімі Нұрлан Ұранхаев пен Шығыс Қазақстан облысының әкімі Даниал Ахметовтен жауап алуға қатысты сауал қойды.

"Олардан жауап алынатыны сөзсіз. Басқа да тергеу әрекеттері қазір жедел-іздестіру сипатында жүргізілуде», - деп жауап берді Бас прокурордың орынбасары.

"Адырна" ұлттық порталы

Пікірлер