«Ресейлік болғаныма мақтанамын». Арман Давлетяров жаңа қызметке тағайындалды

15277
Adyrna.kz Telegram

Белгілі ресейлік шоу-бизнес өкілі, «Муз-ТВ» телеарнасының бұрынғы бас директоры Арман Давлетяров Президенттің Теле-радиокешені кеңесшісі болып тағайындалды, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.

Ол — Қазақстан Республикасының «Құрмет», Ресей Федерациясының «Достық» ордендерімен марапатталған.

Қазіргі таңда желі оқырмандары медиа менеджердің 2022 жылы жазған жазбасын қызу талқылап жатыр.

«Мен — ресейлік қазақпын. Орынборда тудым және өстім. Ресейлік болғаныма мақтанамын! Осынау қиын шақта еліммен біргемін. Себебі Ресейді сүйемін»,—деп жазған еді Давлетяров.

Көпшілік өзге ел азаматының лауазымды қызметке тағайындалғанына қарсы.

«Соғыстан қаштыңыз ба, әлде кездейсоқ Қазақстанға деген махаббатыңыз ашылып кетті ме?», «Шетелдікті жайдан жай ұлттық арнаға қызметке тағайындау деген не сұмдық?», «Ақша табу үшін Қазақстанда жүргеніңіз белгілі. Еліңізге қайтыңыз»,— деп жазды желі қолданушылары.

 

View this post on Instagram

 

A post shared by Arman Davletyarov (@arman_dav)

<

Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Видео с выпускного "убило" всех родителей: кто это заснял?!
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Кардиолог шокировал мировую медицину: сосуды чистит простой...
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Вот, что излечит ваши запястья даже в 75 лет! Нужно взять...
Пікірлер