Forbes тізіміндегі кәсіпкердің Алматы облысындағы жері мемлекетке қайтарылды

1606
Adyrna.kz Telegram

Бас прокуратура Forbes тізіміне енген кәсіпкердің Алматы облысындағы жерін тәркілегенін мәлімдеді, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.

"Мемлекет басшысы бірнеше рет, оның ішінде 2022 жылғы 1 қыркүйектегі жолдауында жер телімдері танымал адамдарға тиесілі болғандықтан, фермерлерге ауылшаруашылық жерлердің жоғын атап өтіп, егістік аумақтар мен жайылымдарды пайдаланудың тиімділігін арттыру жөнінде шаралар қабылдауға шақырды. Алматы облысының прокуратурасы ел басшылығының тапсырмасын орындау барысында Forbes тізіміне кіретін кәсіпкерге 2017 жылы Еңбекшіқазақ ауданындағы заңсыз берілген жерлерді тәркіледі. 3500 га бұл жер жайылымға арналған жерлер тізімінен алынып тасталған”, - деп хабарлады Бас прокуратураның баспасөз қызметі.

Әлеуметтік желілерде тараған ақпаратқа сәйкес, "Forbes тізіміндегі кәсіпкер" олигарх деп Қазақстандағы ең бай 35-ші адам ретінде танымал, әл-ауқаты 214 миллион долларға бағаланған Яков Цхай болуы мүмкін.

Бас прокуратураның хабарламасында "Forbes тізіміндегі кәсіпкердің" есімі аталмаған, бірақ "қазіргі уақытта үшінші тұлғаларға жерді қайта беру фактілерін болдырмау мақсатында осы жерлерді жергілікті тұрғындар үшін қоғамдық жайылымдарға беру бойынша жұмыс жүргізіліп жатыр" делінген.

"2023 жылдың басынан бастап жоғары лауазымды тұлғалар мен ірі бизнесмендерге тиесілі кадастрлық құны Т714 млн болатын 26,8 мың га жер мемлекетке қайтарылды. Бұл жерлер жылдар бойы мақсатына сай пайдаланылмады, жемшөп дақылдары өсірілмеді, осы шаруашылықтардың балансында ауылшаруашылық жануарлары болмады. Сонымен қатар, басқа да адал фермерлер егістік және жайылымдық жерлерге өте мұқтаж болды", - деп атап өтті қадағалау органы.

Пікірлер