Cкандинавия ғалымдары байырғы үндіеуропалықтардың түптамырын Қазақстаннан іздеуде

11032
Adyrna.kz Telegram

Бұдан алдын профессор Әділ Ахметовтың «Викингдердің ізімен». (Ғылыми гипотезалық туынды) кітабынан «Әлемдік мәні бар генографиялық жоба» деп аталатын бөлігі оқырман назарына ұсынылған. Осы кітаптан үзінді жариялауды одан әрі жалғастырамыз. Бірге оқиық.

Қазіргі Орталық Азияның аумағын мекендейтін халықтар мен
Солтүстік Еуропада тұратын скандинавиялықтардың арасындағы
қарым-қатынас мың жылдан астам уақытты құрайды деген
пікірдегілердің бірі - Данияның Копенгаген унивеситетінің аясында
генетикалық зерттеулермен айналысатын Геогенетикалық
Орталықтың жетекшісі, норвег тарихшысы Стурла Эллингвог.
Мұның нақты дәлелін біздер 2015 жылы ақпан айының 23-і күні
«The Astana Times» газетінде «The Scandinavian Team Searches for
Indoeuropean Homeland Through Kazakhstan DNA»
(«Скандинавиялық команда үндіоеуропалықтардың отанын
қазақстандық ДНК арқылы іздеуде») атты мақалада жарияланған
мәліметтерден білдік. Ол мақаладан әлгінде ғана аталған
Геогенетикалық Орталықтың жетекшісі Стурла Эллингвог пен
даниялық ДНҚ-зерттеуші ғалым Петер Дамгорданың
С.Торайғыров атындағы Павлодар университетіне арнайы
миссиямен келгені, сонымен қатар Стурла Эллингвог жетекшілік
ететін ғылыми команданың жұмысына археологтар мен лингвистер
де, тарихшылар мен генетик ғалымдар да, сондай-ақ, әлгі ғылыми
командамен тығыз байланыс орнатып үлгерген Қарағанды
университетінің зертеушілері де, сол сияқты Норвегияның әлемге
әйгілі археолог-ғалымы Тур Хейердалдың қызы Беттина Хейердал
да атсалысып жүргені белгілі болды. Мақалада, сонымен қатар,
жоғарыда аталған ғылыми команданың көздеген негізгі мақсаты -
Скандинавия мен Қазақстаннан жиналған генетикалық айғақтар
мен лингвистикалық айғақтарды шендестіре отырып, ежелгі

Скифияның, нақтырақ айтқанда, бүгінгі Қазақстанның ежелгі
үндіеуропалықтардың ғана емес, бүгінгі норвегтердің де байырғы
отаны екенін іс жүзінде дәлелдеу екені ашық айтылған.
Айтса-айтқандай-ақ, Стурла Эллингвог бастаған ғалымдар
тобы көздеген мақсаттарына қол жеткізу үшін, Павлодар қаласына
тиіп тұрған Ертіс бойын байырғы замандарда мекендеген халықтың
ДНҚ үлгілерін жиыстыруға бірден кірісіп кеткен. Соның
нәтижесінде олар Павлодар, Қостанай және Қарағанды өңірінен
қола дәуірі мен ерте темір дәуіріне тән, яғни біздің заманымыздан
4000 жыл бұрын өмір сүрген адамдарға тән әрі өте жақсы сақталған
120 ДНҚ үлгілерін жинап алады.
Сосын, ғалымдардың байырғы үндіеуропалықтардың ежелгі
мекенін Қазақстанның жоғарыда аталған аймақтарынан іздеуінің де
өзіндік себебі бар. Өйткені, 1956 жылы арғы тегі литвалық
Америка ғалымы Мария Гимбутас ұсынған қорған теориясы
бойынша, байырғы үндіеуропалықтардың о бастағы отаны шығыс
Украина жері мен оңтүстік Ресей территориясынан бастап
Қазақстанның солтүстік батысына дейін созылып жатқан ұлан-
байтақ Понти далаласында орналасқан және сол даладан байырғы
үндіеуропалықтар батыста жатқан Еуропа құрлығына ғана емес,
шығыстағы Азияға да бойлай еніп, тараған. Енді міне, Мария
Гимбутастың қорған теориясын белгілі мөлшерде генетикалық
айғақтар да дәлелдей түскені байқалады. Мәселен, кейінгі 15 жылда
жүргізілген генетикалық зерттеулердің нәтижелеріне сәйкес, Y-
ДНҚ I гаплотобы үндіеуропалықтарға тән екені айқындалған.
Сосын, мұндай сәйкестікті әлемдегі ең озық әрі заманауи
лаборатория саналатын Копенгагендегі ДНҚ-лабораториясы мен
Геогенетика Орталығының ғалымдары да құптап отыр. Мысалы,
жоғарыда аталған Петер Дамгордтың мәліметі бойынша, кейінгі
жылдары ДНҚ технологиясы, әсіресе, адамзаттың о бастағы
миграциялық бағыттарын айқындауға бағытталған тарихи зерттеу
жұмыстарында үлкен басымдыққа ие болған. Сәйкесінше,
жоғарыда аталған заманауи жабдықтармен жарақталған
Копенгагендегі ДНҚ-лабораториясы мен Геогенетикалық Орталық
үндіеуропалықтардың байырғы отанын анықтауға да үлкен
мүмкіндік ашып отыр деуге негіз бар. Өйткені, Стурла Элингвог
қолға алып отырған ғылыми жобаға Дания үкіметінің тарапынан
өте көлемді грант бөлінген және әлгі жобаның іске асуына
Ослодағы Кон-Тики музейі мен Швецияның Готенбург

университеті, сол сияқты Данияның Копенгаген университеті де
үлкен қолдау білдіріп отыр. Сосын, Қазақстаннан алынған
генетикалық материалдар Даниядағы заманауи ДНҚ
лабораториясында зерттелгенін де естен шығармаған жөн. Дәл осы
ұста жоғарыда аталған мақаладағы Стурла Эллингвогтың мына бір
пікірінің де маңызы өте ерекше. Ғалым былай дeйді: «Two thousand
years ago, we started having Kurgan graves in Scandinavia. The
commonalties between burial mounds in Norway and Scythian/Saka
mounds in Kazakhstan are striking. The Scythian people had these
ornaments, these animal ornaments, which are very, very mportant in
Scandinavian art… and the ornaments are actually quite similar, which
is striking, it’s very special.» (Курсив біздікі –Ә.А.)
Бұл мәтіннің қазақ тіліндегі мағынасы төмендегідей: «Біздер
қорған-бейіттерді Скандинавияда осыдан 2000 жыл бұрын сала
бастадық. Норвегиядағы адам жерленген қорғандар мен
Қазақстандағы Скиф/Сақ қорғандарының арасындағы ортақ
ұқсастықтар адам таңқаларлық. Скифтердің ою-өрнектері,
әсіресе жануарлар кейіпіндегі өрнектері скандинавиялық ою
өнерінде ерекше маңызды әрі олар бір-біріне өте ұқсайды және
сонысымен де кереметтей әрі таңқаларлық.»

 

(жалғасы бар)

Пікірлер