Волонтерлік қозғалысты ұзақмерзімді грант беру арқылы ынталандыру керек – Тоқаев

1506
Adyrna.kz Telegram

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев бүгін Халықаралық волонтерлер форумына қатысып, волонтерлікті дамыту және халықаралық қайырымдылық ұйымдарының ынтымақтастығын нығайту перспективалары туралы айтты, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.

«Волонтерлік қозғалысты ұзақмерзімді грант беру арқылы ынталандыру керек. Бұл ретте мемлекеттік және жеке грант берушілер арасында тұрақты серіктестік орнатып, отандық және халықаралық донорлардың бір-бірімен нәтижелі ынтымақтастығын қалыптастыру маңызды. Волонтерлік және қайырымдылық істерді институттық тұрғыда қолдау инфрақұрылымын дәйекті түрде дамытқан жөн. Ол үшін волонтерлердің ұлттық және аймақтық деңгейдегі фронт-офисінің ұйымдастырушылық, техникалық және кадрлық әлеуетін күшейту қажет»,—деді президент.

Сондай-ақ Қасым-Жомарт Кемелұлы волонтерлік қызмет саласындағы халықаралық ынтымақтастықты одан әрі нығайтуға және ілгерілетуге ерекше назар аудару қажеттігін атап өтті.

«Мен өзім еріктілерді барынша қолдаймын. Сіздердің табанды жұмыстарыңызды жоғары бағалаймын. Біздің волонтерлер Иордания, Кения, Тайланд және Түркия елдеріне арнайы барып, тәжірибе жинақтады. Осы тұста, мен Қазақстан еріктілеріне қолдау көрсетіп жүрген БҰҰ өкілдеріне алғыс айтамын. Былтыр елімізде Орталық Азия волонтерлерінің алғашқы форумы өтті. Осындай маңызды шаралар алдағы уақытта да жалғасады»,—деді ол.

Пікірлер