Жобадағы заң журналистерді Үкіметке жығып бере ме? Зайытов тәуелсіз журналистер жайлы

1822
Adyrna.kz Telegram
Фото: Telegram / Mazhilis_kz
Фото: Telegram / Mazhilis_kz

Мәжіліс депутаты Ринат Зайытов «Масс-медиа» заңы не үшін керек болып отырғанын айтып, министрлік өкіліне тәуелсіз журналистер туралы тікелей сұрақ қойды, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы.

Біз қазір журналистердің әлеуметтік және басқа да мәселесін айтып отырмыз. Журналистерді Үкіметке жығып беруге ме, әлде шынымен де журналистердің мәртебесін өсіруге қажет пе? Бірақ нақты жауап бере алмайтыныңызды білемін. Сондықтан сұрақты айналдырып қояйын. «Қасқырға «алтыннан қарғы бау тағып, гауһардан үйшік салып берсеңіз де оны бақытты ете алмайды». Оның өзіндік тағылығы, жыртқыштығы бар. Сол секілді қазір өз-өзін тәуелсіз журналиспін деп жариялаған және бір емес жүздеген мың аудиториясы барлар бар. Ал бұл заң осы бетте қабылданды делік. Сонда олардың жағдайы не болады? Жауып тастайсыздар ма, соттай ма әлде? Солардың ақпаратынан құлақ асып отырған миллиондаған адамды қайда жібереміз?, – деді депутат.

Сондай-ақ, ол “тәуелсіз журналист деген ұғымды басқаша қалыптастырудың мүмкіндігі қарастырыла ма?” деп сауал жолдады.

Пікірлер