Түрік оппозициясының жетекшісі Кемаль Кылычдароғлу 110 жылға бас бостандығынан айырылуы мүмкін

2720
Adyrna.kz Telegram

Президенттікке үміткер болған Кемал Кылычдароғлу 110 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін,  деп хабарлайды “Адырна” тілшісі Cumhuriyet -ке сілтеме жасап.

Басылымның шолушысы Барыш Теркоғлудың мәліметіне сай, депутаттық мандатынан айырылған Кылычдароғлу таяу күндері тұтқындалуы мүмкін. Оның ісі Анкара прокуратурасына  жіберіліп қойған.

"Кылычдароғлу 110 жылға дейін түрмеге қамалуы мүмкін. Оған саяси қызметтерге тыйым салынуы мүмкін", - делінген хабарламада.

Түркияның оппозициялық Республикалық халық партиясының жетекшісі және президенттікке үміткер болған Кылычдароғлуға 28 іс қозғалған. Оның адвокаты Джелал Челиктің айтуынша, бұл істердің басым бөлігіне Режеп Тайып Ердоған себепкер болып отыр. Сонымен қатар, көптеген сот ісі бойынша саясаткер 4 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін. Жалпы алғанда барлық сот ісі бойынша бұл мерзім 110 жылды құрайды.

Алайда, саясаткер Кылычдароғлу өзінің жеңілгенін мойындайтынын немесе дауыс беру нәтижелеріне қарсы шығатынын мәлімдемеген. Ол бұқараны демократия үшін ашық күресті жүзеге асырылмайынша жалғастыратынына сендірді.

Еске сала кетейік, саясаткер мамыр айында өткен президенттік сайлаудың екінші турында 47,82% дауыс жинап, Түркияның қазіргі басшысы Ердоғаннан жеңілген еді.

Пікірлер