Орал қаласында қызыл жалаумен шерулеткендердің видеосы тарады

2836
Adyrna.kz Telegram

Ұлттық ақпарат кеңістігінде Кеңес Одағына тән қызыл жалау, коммунизм нышандары мен ҚР туын ұстап шерулеткен қазақстандықтардың видеосы тарады, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.

Орақ пен балға бейнеленген қызыл нышандар мен ҚР туын ұстаған азаматтардың шеруін полиция қызметкері тоқтатады. "Біз бұл естеліктерге адалмыз" деген жазуы бар плакатты, "Тағзым" атты жалаушаны ұстаған бір топ тұрғын полиция қызметкерлеріне қарсылық танытып, шерудің мақсат-мүддесін түсіндіруден бас тартады. Полиция қызметкерінің үстінен шағымданатынын айтып, құқығының тапталғанын алға тартады. Екі ортада аулада жүгіріп жүрген азаматтар дауға араласады.

Шерулерткен топ дау арасында "Ұлы Отан соғысының басталған күні екендігін" еске салып үлгереді.

"Біз бәріміз Кеңес одағының шекпенінен шыққанбыз",  "Асқар, түсін оны. Қандай аянышты. Мен оны сондық аяймын. Ұятқа қалды бұлар", "Бұл біздің тарих" деп шағымданады тұрғындар.

Әзірге бұл оқиғаға қатысты ресми ақпарат айтылмады.

"Адырна" ұлттық порталы

Пікірлер