ОҢҒАР ҚАБДЕН: Лукашенко Назарбаевқа телефон соғып, Пригожиннің мәселесін талқылапты. Тоқаев Путинге түсіндіріп тұрып айтты. Мынау қақшаңдап қайдан шықты?

1744
Adyrna.kz Telegram

Лукашенко Назарбаевқа телефон соғып, екеуі Пригожиннің мәселесін талқылапты. Ресми түрде халықаралық саясат деп бүркемелегендерімен әңгіме кешегі бунт туралы болғаны сөзсіз.

Мен осы бір нәрсені түсінбеймін. Қаңтарда осы шалдың кесірінен қаншама халық қырылып, қаншамасы сотталып кетті. Ал, бұл болса қаңтардан кейін эфирге шығып мүләйімсіп, мен ештеңе білмеймін, жай ғана пенсионермін деді. Пенсионер болсаң пенсияңды алып, тыныш қана жатпайсың ба? Онсыз да сенің кесіріңнен ОДКБ, Еуразиялық Одақ, Кедендік Одақ деген қорада отырмыз.

Кеше Тоқаев Путинге түсіндіріп тұрып айтты. "Пригожиннің бунты ол Ресейдің ішкі мәселесі. Оған Қазақстан араласпайды" деп. Мынау қақшаңдап қайдан шықты? Бізді тағы бір пәлеге бастамасын.

 

Оңғар Қабден

 

 

 

Пікірлер